Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«ҚТЖ - жүк тасымалдары» АҚ жүк тасымалының қызметін 10,4% көтермек

AstanaTV
28.02.2018ж. 20:00
3495
«ҚТЖ - жүк тасымалдары» АҚ жүк тасымалының қызметін 10,4% көтермек

"ҚТЖ-жүк тасымалы" компаниясы локомотивтік тарту қызметін 10,4% көтеруді жоспарлап отыр. Бұл мәселе бүгін қоғамдық тыңдауда қаралды. Локомотив қызметі көтерілсе, жүк тасымалы құнына да баға қосылады деген сөз. Ал, жолаушылар тасымалы саласына мемлекет субсидия бөледі. Сондықтан бағасы бұрынғы күйде қалады. 

2017-2018-ші жылдары жүк тасымалдаудың 3/1 бөлігі көмір тасымалына тиесілі болған. "ҚТЖ-жүк тасымалы" кен, лом және металл, астық, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерін де тасымалдайды. Қызмет түрін қымбаттатуға жанармай бағасы мен өндіріс қызметіндегілердің жалақысын көтеру себеп болған. Локомотив паркі де жаңартуды қажет етеді. Биыл 50 миллиард теңгеге 31 локомотив - элекровоз, тепловоз алу жоспары бар.