Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Оралда зағип жандар соттасып жатыр

AstanaTV
28.02.2018ж. 20:00
2691
Оралда зағип жандар соттасып жатыр

Оралда зағип жандар соттасып жатыр. «Қазақ соқырлар ұйымының» төрағасы Мұрат Қыдырбеков мүгедектер күтіміне бөлінген ақшаны дұрыс төлемеді деп айыпталған. Белгілі болғандай, зағиптарды жетелеп жүретін көмекшілердің жалақысына былтыр 90 миллион теңге бөлінген. Бірақ 4 миллион 600 мың теңгенің қайда кеткені белгісіз. Ұйым төрағасының бес бірдей корпоративті қор құрып, мемлекеттік сатып алу ісіне қатысып, мүгедектерге бес жыл бойы қызмет көрсетіп келгені мәлім болды. Бірақ бұл қызметке зағиптардың көңілі толмайды. Жеке көмекшілердің жалақысы төмендетілді, әрі уақытылы төленбеді дейді олар.  Төрағаның өзі сотқа қатыспады. Келесі отырыс 7 наурызға белгіленді. Оған дейін Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Қазақ соқырлар қоғамы» корпоративті қорының жұмысын тексеруі керек. 

Дат Қапаев, І топ мүгедегі:

Көрсетейін десе қағазы жоқ, берейін десе доказательствосы жоқ. Бухгалтері жоқ. Ревизионная комиссия жоқ. Бұл қандай қоғам?! Үкімет оларға ақша береді, огромный ақша береді. Үкімет мен бермей жатыр деп жатқам жоқ, рахмет, біздің үкіметке, бәрін беріп жатыр. Но бірақ соны реализовать ететін ешкім жоқ.