Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Соңғы екі жылда Қазақстаннан шет елге 190 млн доллар шығарылған

AstanaTV
22.02.2018ж. 20:00
2493
Соңғы екі жылда Қазақстаннан шет елге 190 млн доллар шығарылған

Соңғы екі жылда Қазақстаннан шетелге 190 млн доллар шығарылған. Не қайтқан ақша жоқ, не тауар жоқ. Мұндай схемалар ақшаны заңсыз жылыстату үшін қолданылуы мүмкін. Бүгін жоғарғы палата валюталық бақылау бойынша тыңдау өткізді. Қазір Ұлттық банк оны күшейту үшін өзгерістер әзірлеп жатыр. Банктер арқылы аударылған ақша елге екі жылда қайтпаса, оны тексеру басталады. Өзгеріс қылмыстық жолмен тапқан ақшаны аударуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы қабылданып жатыр.

Ерболат Мұқаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Шетелде 4 жыл бойы жатқан ақшалар бар. Тауар әлі келмеген. Ал келісімшартты 12 рет созған. Осындай күдікті қаржылай операциялардың жолын кесу үшін Ұлттық банк, екінші деңгейлі банктер және Кіріс комитеті схама ойлап табуы тиіс.