Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қазақстан жаһандық жемқорлық рейтингінде 180 ел ішінде 122 орында

AstanaTV
22.02.2018ж. 20:00
2517
Қазақстан жаһандық жемқорлық рейтингінде 180 ел ішінде 122 орында

Қазақстан жаһандық жемқорлық рейтингінде 122 орында. Бұл мәліметті Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Transparency International рейтингіне 180 ел кіреді.

Жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан 31 балл жинады. 30 баллдық төменгі межеден асқандықтан, жемқорлық көп жайлаған мемлекеттер қатарынан шыққан. 2016 жылға қарағанда көрсеткіш 2 баллға артып, 9 позицияға көтерілді. Ол кезде 29 баллмен 131 орында болған. Қазақстан бұл рейтингке 1999 жылдан бері қатысады. Дегенмен, ешбір ел 90 баллдық көрсеткішке жете қоймаған.