$470.28 €537.53 ₽5.99
×

Орталық сайлау комиссиясы ҚХП және «Байтақ» жасылдар партияларының тізімін тіркеді

AstanaTV
20.07.2026ж. 19:00
Орталық сайлау комиссиясы ҚХП және «Байтақ» жасылдар партияларының тізімін тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халық партиясы ұсынған тізімді тіркеу туралы қаулы қабылдады. Саяси  ұйым атынан Құрылтай депутаттығына 72 кандидат ұсынылған. Олардың 54-і ер адамдар, қалғаны әйелдер. Депутаттықтан үміттілердің орташа жасы - 45-ті құраса, оның тоғызы 35 жасқа толмағандар. Заңға сәйкес енді сайлау бюллетеніне Қазақстан Халық Партиясы  қоғамдық бірлестігінің аты енгізіледі. 

НҰРСҰЛТАН ШОҚАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің тізімде Қазақстанның негізгі салаларындағы мамандар бар. Олар мемлекеттік басқару, экономика, білім мен ғылым, өнеркәсіп, құрылыс, медицина, цифрлық технологиялар, спорт, мәдениет және БАҚ өкілдері. Үміткерлер қатарында ғылым докторлары, магистрлер, профессорлар, еңбек сіңірген ұстаздар мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері бар. Сондай-ақ мәслихат депутаттарынан бастап Парламент депутаттары мен әкімдер де қамтылған.

Ал алғашында 51 кандидат ұсынған Байтақ жасылдар партиясынан жаңартылған тізімге 47 адам енген. 4 адам өз еркімен бас тартқан. Бүгінде саяси ұйым мүшелері 100 мыңнан асады. Партия 2023 жылғы Мәжіліс сайлауында 2,30 пайыз дауыс иеленгендіктен, Құрылтай сайлауының жарнасына 30 пайыздық жеңілдік алған.

АЗАМАТХАН ӘМІРТАЙ, «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің 47 үміткеріміздің ішінде 10 әйел адам бар, 4 жас 35-ке дейінгі. Сонымен қатар, 4 инвалидтік бағыттағы адамдардың төртеуі бар. Толық айтқан кезде, біздің толық тізімнен 38 пайыз ол квотаны толық орындап тұр.