$470.28 €537.53 ₽5.99
×

Елімізде 9 миллионнан астам жұмыс орны ЖИ әсері бойынша талдаудан өтті

Елімізде 9 миллионнан астам жұмыс орны ЖИ әсері бойынша талдаудан өтті

Жасанды интеллект адамды жұмыссыз қалдырмайды, тек күнделікті міндеттерін жеңілдетеді. Сарапшылар еліміздегі 9,2 миллион жұмысшының қызметін зерттеп, 1 300-ге жуық мамандық түрін талдаудан өткізді. Нәтижесінде, жасанды интеллект ең алдымен бухгалтер, аналитик сияқты құжат және есеппен жұмыс істейтіндердің жүктемесін азайтады. Ал дәрігер, мұғалім, құрылысшы сияқты адамның тікелей қатысуын талап ететін кәсіп иелеріне ешқандай қауіп жоқ. Керісінше, нарықта ЖИ-тренер мен IT-инженер сияқты мүлдем жаңа мамандықтарға сұраныс артуы мүмкін.

АЛДИЯР МАДИЯР, ҚР ЕХӘҚМ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН БОЛЖАМДАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мемлекеттік секторда ЖИ-мен жұмыс жасайтын мамандар және басқа да салада ЖИ-ді жақсы меңгерген мамандарға сұраныс артады деген болжам бар. Жалпы жасанды интелект бұл адамның еңбек өтілінің артуына ыңпал ететін құрал ретінде қарастырған жөн, адамды алмастыратын құрал ретінде қарағаннан көрі.