$470.28 €537.53 ₽5.99
×

Атырауда ер адамнан ірі көлемдегі синтетикалық есірткі тәркіленді

Атырауда ер адамнан ірі көлемдегі синтетикалық есірткі тәркіленді
Polisia.kz

Атырау облысында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде есірткі заттарын таратумен айналысқан 41 жастағы ер адамды ұстады. Тінту барысында күдіктінің автокөлігінен 125 грамм есірткі табылды. Сондай-ақ оқиға орнында жасырған жерінен 81 грамм есірткі тәркіленді. Аталған заттар жалпы салмағы 206 грамм болатын Альфа-pvp синтетикалық есірткі заты екені анықталды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, іс сотқа жолданды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Полиция есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың болашағына бейжай қарамай, есірткіден аулақ болыңыз.