Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Шегірткеге қарсы дәрі-дәрмекті сатып алып, жеткізу үшін министрлік штаб құрды

AstanaTV
22.02.2018ж. 20:00
4359
Шегірткеге қарсы дәрі-дәрмекті сатып алып, жеткізу үшін министрлік штаб құрды

Ел аумағында аса қауіпті шегірткелерге қарсы күрес дер кезінде жүргізілмеуі мүмкін деген қауіп бар. Зиянкестерге қарсы қолданылатын препараттар аймақтарға уақытында жеткізілмеген. Ауыл шаруашылығы вице-министрі оған дәрі сатып алудың кешіктірілуі себеп деп отыр. Осыған орай қазір министрлік жанынан штаб құрылған. Айзада Төребекқызы сабақтайды.

Айзада Төребекқызы, тілші:

Биыл зиянкестердің ерекше көбейтін маусымы. Сондықтан министрлік мамандары кеткен олқылықтың орнын толтыруға тырысып жатқандарын айтты. Вице-министр ол үшін арнайы штаб құрылғанын айтты. Олар улайтын дәріні сатып алу мен жеткізуді қадағалайды.

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы минстрінің бірінші орынбасары:

Өткен жылы сатып алу жұмыстарының кешігуінен егістік алқаптарының зиян шегуі көбейген. Сондықтан биыл тұтыну мөлшері де артады. Қазір штаб жұмыс істеп тұр. Жедел арада қай жерден не сатып алуға болатындығын қарап жатыр. Химиялық препараттарды сатып алу бойынша отандық та, шетелдік те нарық ашық. Ия жағдай қиын, өте үлкен проблемалар туындауы мүмкін. Бұл егістік үшін үлкен қауіп.

Аса қауіпті үйірлі шегірткелер шоғыры артуы мүмкін үш аймақтың бірі - Оңтүстік Қазақстан облысы. Мұнда 350 мың гектарға жуық алқап улануы тиіс. Мамандар бастапқы жұмыстарға республикалық қорда қалған препарат жеткілікті деп отыр. Онымен 96 мың гектар жерді улауға болады. Ол жұмыстар сәуірдің алғашқы онкүндігінде басталмақ. Дәрі негізінен марокко зиянкесіне қарсы себілмек.

Нұржан Қашқынов, ОҚО аумақтық инспекция басшысының  міндетін атқарушы:

Ол бастапқы жұмысқа ешқандай кедергі болмайды. Бірақ дегенмен тағы да айтам, қыс ауасынан бермен қарай қазіргі осы пестицидтерді сатып алу мәселесінде агроөнеркәсіп кешенінде мемлекеттік инспекция комитеті конкурстардың бәрін жариялап, оның, былайша айтқанда, нәтижесі шығу керек осы наурыз айында. Шыққан замат олар келісімшарт түзіледі, өзінің процедуралары бар. Соған сәйкес ол толыққанды облыс деңгейіне препараттар толық жеткізіледі.

Улауға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Бірақ оның соммасын ешкім ашып айтпады. Тек оңтүстік өңіріндегі саяқ шегірткелерге қарсы жергілікті қазынадан 96 млн теңге бөлініпті. Мамандар шаруаларға төнер қауіп жоқ деп отыр. Өңірде өңделетін аумақ биыл анағұрлым азайған. Ал Жамбыл облысында, керісінше, дәрі шашылатын алқап артқан.

Азамат Құрбанов, Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы өсімдік қорғау инспекциясы бөлімінің бас маманы:

Дәрі қоры жетпей қалады деген күдік жоқ. Өйткені былтыр да бізде улы химикаттардан ешқандай қиыншылықтар болған жоқ. 2018 жылы 355 мың 910 га химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі деп отырмыз. 11 ұшақ тендерге қатысып жатыр, жерүсті техникасы 79 дана.

Айзада Төребекқызы, тілші:

Жамбыл өңірінің мамандары шегірткені улау кезінде ұшақ жетпей жатса, Шымкенттен көмек  келеді деп отыр. Оңтүстік Қазақстан облысы бұл шаруаны атқаратын сегіз ұшаққа тапсырыс берген.

Айзада Төребекқызы, Данияр Әлімқұл, Дәуренбек Бағдәулет