Қайғылы оқиға Есіл ауданында болған
Солтүстік Қазақстан облысында ер адам тұрмыстық жанжал кезінде зейнеткер әйелді өлтірді.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Есіл ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 31 жастағы ер адам жанжал барысында 74 жастағы әйелге пышақ сұғып алған. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады СҚО полиция департаменті.