$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қостанай облысындағы шаруашылықтар үйір-үйір жылқыға GPS-чиптер орнатуды қолға ала бастады

AstanaTV
22.02.2018ж. 20:00
6166
Қостанай облысындағы шаруашылықтар үйір-үйір жылқыға GPS-чиптер орнатуды қолға ала бастады

Мал ұрлығын тиюдың ұтымды жолы - чип орнату. Тобыл өңірінің шаруалары үйір-үйір жылқыны үйден GPS-құрылғы арқылы бақылайтын болады. Қазірдің өзінде аймақтағы екі мыңнан астам төрт түліктің төресіне чип орнатуға өтініш түскен. Облыстық ветеринария басқармасы басшысының айтуынша, арнайы чип салумен тыйылмай тұрған мал ұрлығының алдын алуға болады. Бір жылқыға чип орнату үшін шамамен 80 мың теңге қажет. Басқарма басшысы Берікжан Қайыпбай құрылғы сатып алуға жұмсалатын қаражаттың тең жартысын субсидиялау жөнінде Ауыл шаруашылық министрлігіне ұсыныс жолданғандығын айтты.

Берікжан Қайыпбай, Қостанай облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

Мәселен, үйірдегі айғырға GPS-құрылғы орнатылады. Ал, мал иесі үйінде отырып, үйір жылқының қайда жүргенін, бағыт-бағдарын бақылап отырады.