$469.59 €536.22 ₽5.96
×

«Әділет» партиясының партиялық тізімін тіркеді

«Әділет» партиясының партиялық тізімін тіркеді

«Әділет» партиясының партиялық тізімін тіркеді. Тиісті шешім орталық сайлау комиссиясы отырысында қабылданды. Тізімдегі 186 кандидаттың 88-і әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі жандар. Бұл жалпы құрамның шамамен 47 пайызын құрайды және заңда белгіленген квота талаптарына толық сай келеді. Өтінімге елдің барлық сала өкілдері енгізілген, ал кандидаттардың орташа жасы 45 жас. 

РАУАН КЕНЖЕХАНҰЛЫ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Тізімге ел дамуы үшін маңызды барлық сала өкілдері енгізілді. Біз кәсіби парламент құру идеясын қолдаймыз. Сондықтан кандидаттарды іріктегенде, ең алдымен өз еңбегімен танылып, бедел жинаған, мол тәжірибесі мен жоғары біліктілігі бар азаматтарға басымдық бердік. Олардың сараптамалық әлеуеті болашақ заң шығару жұмысында қажет болады.