$467.65 €533.26 ₽5.96
×

Үш жасқа дейінгі балаларға тегін оңалту қызметі көрсетіледі

AstanaTV
22.07.2026ж. 19:00
Үш жасқа дейінгі балаларға тегін оңалту қызметі көрсетіледі

Елімізде үш жасқа дейінгі балаларға тегін оңалту көмегі көрсетіледі. «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен жұмыс істейтін «Қамқорлық» ерте араласу орталығында шала туған, неврологиялық және ортопедиялық бұзылыстары бар сәбилерге ерте диагностика, абилитация және оңалту қызметтері ұсынылады. Мекемеге ата-аналар көбіне баласының сөйлеуі, жүруі, психоэмоционалдық дамуы мен ұғыну қабілетінің кеш дамуына қатысты шағыммен келеді. Мамандардың айтуынша, емді ерте кезеңде бастау  бала дамуындағы ауытқуларды дер кезінде анықтап, оңалтуды ең тиімді уақытта жүргізуге мүмкіндік береді.

ДИНА ТӘЖІБАЕВА, «ҚАМҚОРЛЫҚ» ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРШІСІ:

Оңалтуға жолдаманы педиатр немесе терапевт береді. Орталықта реабилитолог баланы тексеріп, қажетті құжаттар мен талдаулар тізімін ұсынады. Оңалту курсы 21 жұмыс күнін құрайды. Бала орталыққа күн сайын үш сағаттан келеді. Қайта оңалтуға үш айдан кейін ғана жіберіледі.