Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қылмыстық топ құрамында ұсталған Қырғызстан депутаты Қазақстан азаматы болып шықты

AstanaTV
23.02.2018ж. 20:00
2037
Қылмыстық топ құрамында ұсталған Қырғызстан депутаты Қазақстан азаматы болып шықты

Қылмыстық топ құрамында ұсталған Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты Дамирбек Асылбекұлы Қазақстан азаматы болып шықты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Қазір бұл іс бойынша қызметтік тексеріс басталған. 

Алмас Сәдубаев, ҚР Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры:

Дамирбек Асылбекұлы Жамбыл облысында дүниеге келген, ұлты - қазақ. Кәмелет жасқа толған соң оған туу туралы куәліктің негізінде Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты берілген. 2010 жылы құжаттарының мерзімі өтуіне байланысты қайтадан еліміздің азаматына тиесілі құжаттарын жаңартқан. Анықталғандай, Асылбекұлы Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бермеген.

Құрамында көрші ел депутаты бар қылмыстық топ ақпанның ортасында ұсталған еді. Құқыққорғау органдары Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы ауқымды операция кезінде 35 адамды қолға түсірді. Олардың арасында кеденшілер, брокерлер, шекарашылар мен делдалдар да болған. Күдіктілерге қатысты экономикалық контрабанда, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйыммен трансұлттық топ құру, оған қатысу, басшылық ету, парақорлық дерегімен тергеу жүріп жатыр.