Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астана процесінің келісімдері қатаң сақталуы тиіс - Қазақстан делегациясы

AstanaTV
23.02.2018ж. 20:00
2298
Астана процесінің келісімдері қатаң сақталуы тиіс - Қазақстан делегациясы

Астана процесінің келісімдері қатаң сақталуы тиіс. Сирияға гуманитарлық көмек бойынша өткізілген БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында Қазақстан дегелациясы осылай деді. Қазақстанның ұстанымы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында да жарияланды. Онда "Астанада қол жеткізілген бір де бір келісім тек қағаз жүзінде қалмауы тиіс" делінген. Өткен жылғы Астана процесінде Ресей, Иран, Түркия тарапы осы аумақта атысты бәсеңдету туралы келісімге келген еді.

Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, қазір Сирияда 13 млн-нан астам адам гуманитарлық көмекке зәру. АҚШ мемлекеттік департаменті аймақта 400 адамның қаза тапқанын айтады. Сондықтан "Шығыс Гутадағы қырғын Астана процесінің құрдымға кеткенін білдереді" деген мәлімдеме таратқан. Америка тарапы Сириядағы жағдайға Ресейді кінәлап отыр. Ал Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі әлемдік ақпарат құралдары мәліметтерді бұрмалап отырғанын айтты.