$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Банкир Ержан Тәтішевтың өліміне қатысты соттың келесі отырысына шетелдік сарапшылар қатысады

AstanaTV
23.02.2018ж. 20:00
2609
Банкир Ержан Тәтішевтың өліміне қатысты соттың келесі отырысына шетелдік сарапшылар қатысады

«Тұран әлем банкінің» бұрынғы басқарма басшысы, банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты сот процесіне шетелдік сарапшылар қатысады. Мұны бүгін Шымкентте өткен баспасөз жиынында жәбірленушілердің отбасылық қорғаушысы айтты. Евгений Яворскийдің мәлімдеуінше, америкалық криминалистер Майкл Патрик Мёрфи, Скотт Майкл Перкинс және сарапшы Ирис Делли атышулы іске қатысты арнайы сараптама жасаған. Олар 13 жыл бұрынғы қылмыстық іске қатысты өз болжамдарын ақпанның 27-сінде өтетін сотта жарияламақ.

Бұл өте резонансты іс болғандықтан, шетелдік мамандарды тартуды ұйғардық. Марқұмның отбасы Тәтішевтің қастандықпен өлтірілгеніне сенімді. Америкалық криминалистердің бұл салада 20 жылдық тәжірибесі бар. Сараптама қорытындысы сол 27 ақпанда айтылады.

Еске салайық, "банкир Ержан Тәтішевті өлтірді" деген күдікпен елге танылған бизнесмен Мұратхан Тоқмади айыпталып жатыр. Қылмыстық іс Қордай ауданы Отар станциясы маңында бірге аңға шыққанда болған. Бұл іске қатысты сот Таразда 16 ақпанда қарала басталды.