Алматыда жол апатынан екі адам қаза тапты. Қайғылы жағдай Алатау ауданында, Рысқұлов даңғылы мен Шәріпов көшесінің қиылысында болған. Полицияның мәліметінше, Suzuki жүргізушісі кері бұрылу кезінде Mercedes G-Class көлігіне жол бермеген. Салдарынан екі көлік соқтығысып, сол жерде Suzuki жүргізушісі мен оның жолаушыларының бірі көз жұмды. Тағы бір жолаушы мен Mercedes жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазір жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.