Алматы – Өскемен тасжолында Алакөл ауданында үш көліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, Kia Sportage жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.
Одан кейін көлік Toyota Highlander және Lexus GS300 автокөліктерімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Kia Sportage жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы алты адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.