×

«Ақ жол» партиясының өкілдері еңбек ұжымымен кездесті

AstanaTV
28.07.2026ж. 19:00
«Ақ жол» партиясының өкілдері еңбек ұжымымен кездесті

«Ақ жол» демократиялық партиясы өкілдері Ақмола вагон жөндеу зауытының еңбек ұжымымен кездесті. 85 жылдық тарихы бар кәсіпорында бүгінде 200-ден астам жұмысшы еңбек етеді.  Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, онда көзделген негізгі бағыттар мен бастамалар жөнінде ақпарат берілді. Сондай-ақ,  өнеркәсіп саласын дамыту, отандық кәсіпорындар мен кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланды.

ДАНИЯ ЕСПАЕВА, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Меніңше жақсы іс-шара өтті. Себебі жұмысшылар тек қана біздің бағдарламамызды тыңдамай , сонымен қатар өздерінің сұрақтарын , себебі халықта көптеген сұрақ бар. Ол біздің заңдарға, парламенттің шығарған заңдарына байланысты.