$450.91 €522.69 ₽5.33
×

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді
ашық дереккөз

2026 жылғы 29 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 11:09-да ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан. Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 41.357° және шығыс бойлықтың 78.778°.