$477.17 €543.26 ₽6.01
×

Алматыда жүк көлігі автобусқа соғылды

AstanaTV
29.07.2026ж. 19:00
Алматыда жүк көлігі автобусқа соғылды

Алматыда жүк көлігі рұқсат етілмеген жерден кері бұрылмақ болып, жолаушылар автобусымен соқтығысты. Қарсы бағыттағы автобус жолағына шыққан жүк көлігінің жүргізушісі апатқа себеп болған. Қоғамдық көлік жүргізушісі тежегіш басып, соқтығыстың алдын алуға тырысқанымен, оны болдырмау мүмкін болмаған. Соққыдан автобустың бірнеше терезесі сынып, салонға әйнек сынықтары шашылған. Ішіндегі бес жолаушының біреуі жеңіл жарақат алды.  Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр. Ал жүк көлігінің жүргізушісі автобусты байқамай қалғанын айтқан.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда аталмыш дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасымен тергеу жүргізілуде. Әкімшілік кодекстың баптары бойынша жауапкершілікке тартылады. Өйткені жолаушы ауыр емес жарақаттар алды. Яғни, бұл әкімшілік заңнама тұрғысында тергелетін іс болады.