$477.17 €543.26 ₽6.01
×

Интернет-дүкеннен арзан тауар аламыз деген 3000 адам сан соғып қалды

AstanaTV
29.07.2026ж. 19:00
Интернет-дүкеннен арзан тауар аламыз деген 3000 адам сан соғып қалды

Алматыда интернет-дүкеннен тауар аламыз деген 3 мың адам сан соғып қалды. Олар шетелден тауарды төмен бағамен жеткіземіз деген жарнамаға сенген көрінеді. Алғашында тауар келген, бірақ, кейін затты да, дүкен иесін де таба алмай қалдық дейді.

ӘЙГЕРІМ ЕСЕНКЕЛДІ, ТІЛШІ:

Зардап шеккендердің сөзінше , интернет дүкен өз жұмысын желтоқсан айында бастаған. Бастапқыда тапсырыстары уақытылы жеткен. Алайда мамыр айынан бері не тауар жоқ, не ақша жоқ, не байланысқа шыға алмай отырмыз дейді. Қазір бұл жердің есігі жабық қызметкерлерінің бірі жоқ.

Интернет-дүкенде тұрмыстық техникадан алтынға дейінгі түрлі тауар ұсынылған. Расында арзан бағада жеткен соң кейін таныстарымыз бен жақындарымызға да кеңес берген көрінеді. 3-4 тапсырыстан кейін түрлі мәселелерді сылтау етіп, кейін дүкен қызметкерлері ізім-ғайым жоғалды дейді.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

2-3 ай задержка болғаннан кейін барып адамдар шу шығара бастады. Содан кейін осы былықтың барлығы біліне бастады, что ол кісілердің басшысы, жаңағы «Ерланмын» деп танысқан адам ол түрмеде отырғандығы. Кезінде «Хаст» деген пирамида, осы 2023-те «Хаст» деген пирамида бойынша сотталған бұл адамдар. «Міне келеді, әне келеді, поставщиктер задержка болып жатыр», - дейді. Ешқандай қазіргі таңда жеткізуші деген нәрсе жоқ.

БАЛҚИЯ МАРАТҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен өзім деген, өз ақшамды салып, 17 миллионға товар алдым. +Нарықтан бағасы, біздің телефондарды, осы сайт сатқан телефондардың бағасы 40-50%-ға төмен. Өйткені бізге бүйтіп айтты: «Мы границада налоги не платим, бізде таныс бар, границадан өткізіп береді, сол үшін біздің баға арзан» деген соң, біз сендік. 

Зардап шеккендердің айтуынша, шығын көлемі- 6-7 миллиард теңге. Еліміздің басқа өңірлерінен де алданып қалғандар әлеуметтік желіде жазбалар жариялауда. Полиция болған жайтқа қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Барлық шағымдар жүзге жуық азаматтар арыз-шағымын тіркеп, Астана қаласы Байқоңыр ауданында полиция басқармасында тергеліп жатқан қылмыстық іске қосу үшін сол өңірге жіберілетін болады. Қазіргі таңда білуімізше Астанадағы әріптестер Қылмыстық кодекстің 190-шы бабының нормалары бойынша, яғни алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Барлық осы іске қатысушы тұлғалар анықталып, ұсталуда.

Қылмыс құрамы анықталса, Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-тармағы бойынша 7 жылдан аса бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.