$477.17 €543.26 ₽6.01
×

"Әділет" партиясының өкілдері театр ұжымымен кездесті

"Әділет" партиясының өкілдері театр ұжымымен кездесті

"Әділет" партиясының өкілдері Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының ұжымымен кездесті. Жиын барысында мәдениет саласын дамыту, шығармашылық қауымдастықты қолдау жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, жиналғандар заманауи қалалық ортаны қалыптастырудағы өнердің рөлін сөз етті. Партияның сайлауалды бағдарламасы  таныстырылды.

МАҒЖАН ҚЫСТАУБАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі міне драма театрға жиналған себебіміз – осындағы театр адамдарымен бірге қосылып солардың мәселесін егжей-тегжейлі талқылап, өзіміздің тараптан партияның бағдарламасын түсіндіріп, біздің ертең үміткерлер Құрылтайға барғанда қандай өзгерістер жасайды, не жағынан көмектеседі, соның барлығын айтуға келіп, міне, кездесуде отырмыз.