$477.17 €543.26 ₽6.01
×

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері Жезқазғанға барды. Олар қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсететін арнайы мекеменің ұжымымен кездесті. Онда денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, қызметкерлердің ұсыныс-пікірін тыңдады. Бұдан бөлек, Өскеменге барған партия өкілдері көлік кәсіпорынының қызметкерлерімен жүздесті. Еңбек құқығы және медициналық сақтандыру мәселелерін ұжыммен бірге талқылады. Құрылтай депутаттығына кандидаттар Ақмола облысының Зеренді ауданына да атбасын бұрды. Онда медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиында медицина саласындағы түйткілді мәселелер туралы айтылып, шешу жолдары талқыланды.

ІЛИЯС ЖАНҒАЛИ, ЖСДП АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл кіші және ортаңғы буынғы медициналық қызметкерлерге жалақыларын өстіру бойынша сұрақтар, резединтураға түсу бойынша және ауылды мекендерде медициналық қызметкерлердің, дәрігерлердің жетіспеушілігі бойынша сұрақтар.