$477.17 €543.26 ₽6.01
×

«Байтақ» партиясы Алматыда үгіт-насихат кездесуін өткізді

AstanaTV
29.07.2026ж. 19:00
«Байтақ» партиясы Алматыда үгіт-насихат кездесуін өткізді

Үгіт-насихат науқаны аясында «Байтақ» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар мен партия мүшелері «AYALA» Ұлттық аңшылар мен балықшылар палатасының өкілдерімен және Алматы қаласындағы №66 мектеп ұжымымен кездесті. Жиында биоалуандылықты сақтау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды. Кездесуге қатысушылар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуды, сондай-ақ экологиялық түйткілдерді шешудегі мемлекеттік органдар, сарапшылар мен жұртшылықтың өзара ықпалдастығын сөз етті. Шара соңында тараптар өзекті экологиялық сындар мен елдің табиғи мұрасын сақтау төңірегінде пікір алмасты.

АЛМА ҚАРАШ, "БАЙТАҚ" ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:

Бүгін «Байтақ» партиясы туралы, неліктен «жасылдар» деп аталатынымызды айтып бердік. Бұл жай ғана түс емес, бұл -  біздің идеологиямыз, көзқарасымыз, құндылығымыз бен жауапкершілігіміз. Қандай мәселелерді көтеріп жүргенімізді және неге дәл «Байтақ» партиясы Құрылтайда болуы керегін түсіндірдік.