$477.17 €543.26 ₽6.01
×

Қазақстан Халық партиясының кандидаттары тұрғындармен кездесті

AstanaTV
29.07.2026ж. 19:00
Қазақстан Халық партиясының кандидаттары тұрғындармен кездесті

Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар көкшетаулық тұрғындармен кездесті. Жиында ерекше білімді қажет ететін балалардың мәселесі  талқыланды. Сондай-ақ,  азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға қатысты  ұсыныстар айтылды. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өзекті қоғамдық мәселелерді және ұсынылған бастамаларды іске асыру тетіктерін талқылады. Кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын  түсіндірді.

ВИКТОР ПОДНЕБЕСНЫЙ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:

Дөңгелек үстелге қатысушылар тарапынан ерекше қажеттіліктері бар балалар бойынша көп сұрақ қойылды. Яғни, олардың қолайлы білім алуларына, 18-ге толғасын не істей алады деген сауалдар көтерілді. Бұдан бөлек, интернет-алаяқтық мәселесі талқыға түсті. Әсіресе, егде жастағы адамның цифрлық сауаттылығын көтеруге қатысты ұсыныстар айтылды.