$474.63 €544.5 ₽5.92
×

«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Қарағанды облысына барды

30.07.2026ж. 19:00
«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Қарағанды облысына барды

«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қарағанды облысына барды. Партия төрағасы Айбек Дәдебай бастаған топ аймақта еңбек ұжымдарымен кездесті. Құрылтай депутаттығына кандидаттар өңірдегі беделді оқу орындарының бірі Евней Бөкетов атындағы ұлттық зерттеу университетіне барды. Онда оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастардың қатысуымен еркін пікір алмасу форматында сұқбаттасты.  Қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, оның негізгі бағыттары мен басымдықтары түсіндірілді. 

ҮНЗИЛА ШАПАҚ, “ӘДІЛЕТ” ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ: 

Біздің мақсатымыз- халықты “Әділет”партиясының бағдарламасымен таныстыру болып табылады. Біздің ұстанып отырған 7 нақты ұстанымымыз бар, 10 бағытымыз бар. Осы жөнінде халықпен кездесіп азаматтарды егжей- тегжейлі таныстырумен айналысып жүрміз.