«Ауыл» партиясының сайлауалды үгіт-насихат науқаны елордада да, аймақтарда да қарқынды жүруде. Қостанайда партия өкілдері «Қазпошта» ұжымының қызметкерлерімен пікір алмасты. Кездесуде өңірдегі инфрақұрылымды жетілдірумен қатар, агроном, механизатор сияқты мамандардың тапшылығы сөз болды. Сондай-ақ, елордада партия мүшелері «Әйелдердің саясаттағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиында нәзік жандылардың мемлекеттік шешімдер қабылдаудағы орны, отбасы институтын нығайту және аймақтағы қыз-келіншектерді қолдау шаралары талқыланды.
ҚАРАҚАТ ӘБДЕН, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:
Бүгінгі жиында ауыл әйелдеріне, ауыл қыз-келіншектеріне қалай көмектесеміз деген сұрақ. Оның ішінде мына ауылдан шыққан қыздарымызға магистратураны төлемақысыз оқыту, тегін оқыту, де шешілмеген әйел ауылдарының зейнетке шығу уақытын азайту, сол сұрақты тағы да біз көтереміз.