“Ақ жол” демократиялық партиясының сайлауалды үгіт-насихат науқаны Ақтөбеде жалғасты. Партия төрағасы Дания Еспаева бастаған топ шағын және орта бизнес өкілдерімен жүздесті. Кездесу барысында кәсіпкерлікті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау жайы айтылды. Сонымен қатар, бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау, қаржыландыру тетіктерін жетілдіру және отандық кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері сөз болды.
ДАНИЯ ЕСПАЕВА, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Біздің басты мәселеміз - осы кездесуде қазіргі кезде шағын және орта бизнесті қандай мәселелер толғандырып тұрғанын, сонымен қатар, пікірлесіп өзіміздің жұмысымызда осыны пайдалану. Себебі, ол ең біріншіден жұмыс орындары. Екіншіден ол бюджетке түсетін салық. Ал, бюджетке салық түссе, ол халықтың әл-ауқатын жақсарту. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес дамыса, біздің экономикамыз дамиды.