$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Парламент пен Үкіметтің жұмысы мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс - Н.Назарбаев

AstanaTV
26.02.2018ж. 20:00
2696
Парламент пен Үкіметтің жұмысы мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс - Н.Назарбаев

Парламент пен Үкіметтің жұмысы мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс. Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.  Бүгін Елбасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады. Кездесу барысында латын қарпіне көшу, ана тіліміздің мәртебесін арттыру мәселелеріне тоқталып өтті. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Халқымыз үшін латын қарпіне көшу үдерісінің тарихи мәні зор. Сонымен бірге қазақ тілінің мәртебесін арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Парламент пен Үкіметтің қызметі мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ бұл мәселе бойынша азаматтардың құқығын шектеуге болмайды. Олар үшін ілеспе аударма қазір бар. 

Мемлекет басшысы латын қарпіне кезең-кезеңімен көшудің маңыздылығын айтты. Қазақ тілін үйрету әдістемелерін жетілдіру жайына тоқталып, мәселені жан-жақты зерттеуді тапсырды. Бұдан бөлек, Елбасы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттігін арттыру жайына назар аударды.