$474.63 €544.5 ₽5.92
×

2,1 трлн теңге: Қазақстандықтардың шетелдік онлайн саудаға жұмсаған шығыны артты

31.07.2026ж. 10:33
2,1 трлн теңге: Қазақстандықтардың шетелдік онлайн саудаға жұмсаған шығыны артты
Фото: pixabay

Қазақстандықтар шетелдік интернет-дүкендерден тауар сатып алып, цифрлық сервистерге бұрынғыдан да көп қаржы жұмсауда.

Finprom.kz сарапшыларының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында қазақстандықтардың шетелде жасаған қолма-қол ақшасыз төлемдерінің көлемі 2,1 трлн теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға көп.

Өсімнің негізгі себебі – шетелдік маркетплейстерден жасалған онлайн сатып алулар мен цифрлық сервистерге төленетін ақы. Интернет және мобильді қосымшалар арқылы жүргізілген төлемдер көлемі 1,3 трлн теңгені құрап, бір жылда 31,8%-ға артқан.

Қолма-қол ақшасыз төлемдердің басым бөлігі қазақстандықтардың шетелге сапары кезінде емес, ел ішінде отырып шетелдік онлайн платформалар арқылы жасаған сатып алулары мен цифрлық қызметтерді пайдалануы кезінде төленген.