2026 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Жалпыға міндетті білім беру қоры» аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға мектеп формасын, аяқ киім және оқу құралдарын сатып алуға көмек көрсетіледі.
Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттерден 23 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген.
Көмектің ең төменгі мөлшері — бір балаға 50 851 теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға көп. Кейбір өңірлерде төлем көлемі жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай жоғары болуы мүмкін.
Көмек:
• жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
• аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға;
• атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына;
• қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға беріледі.
Төлем алу үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер білім беру ұйымына қажетті құжаттарды тапсыруы қажет.