$473.59 €544.68 ₽5.94
×

RESPUBLICA партиясының өкілдері Ұлытау облысында еңбек ұжымдарымен кездесті

RESPUBLICA партиясының өкілдері Ұлытау облысында еңбек ұжымдарымен кездесті

Ұлытау облысында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды. Respublica партиясының өкілдері Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Кеңгір ауылындағы бірқатар кәсіпорында болып, еңбек ұжымдарымен кездесті. Жаңадан құрылған облыста шағын кәсіпкерліктің үлесін арттыру, өңіраралық жүк тасымалын жандандыру жайы сөз болды. Облыс орталығындағы тігін фабрикасында өткен басқосуда жұмысшылар балабақша кезегі мен қалааралық қоғамдық көлік қатынасына қатысты әлеуметтік мәселелерді көтерді. Еңбек адамдары көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. 

БЕКЖАН АЙТҚҰЛОВ, RESPUBLICA ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:

Көптеген мәселе көтеріп жатыр. Бірінші кәсіпорын деңгейінде айтатын болсақ, ол – инфрақұрылым қолжетімділігі, тұрақты өткізу нарығы. Кездескен жұмысшыларды әлеуметтік мәселелер толғандырып жатыр. Өздеріңіз естіп жатсыздар,  мынау инфрақұрылым мәселесі, жол мәселесін айтты, сонымен қатар, көлік мәселесін де айтты.