$473.59 €544.68 ₽5.94
×

«Ақ жол» партиясының кандидаттары еңбек ұжымымен кездесті

AstanaTV
31.07.2026ж. 19:00
«Ақ жол» партиясының кандидаттары еңбек ұжымымен кездесті

“Ақ жол” партиясының орталық штабының мүшелері Қарағандыға келіп,  Сарыарқа арнайы экономикалық аймағын аралады. Онымен қоса ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен кездесті. Алдымен, отқа төзімді материалдар шығаратын зауыт қызметкерлерімен пікір алмасты. Партия өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, басымдық беріп отырған негізгі бағыттарына тоқталды. Содан кейін жылу оқшауланған құбырлар шығаратын зауытқа барып, еңбеккерлердің сұрақтарына жауап берді. Кездесуде отандық бизнесті қолдау және қаржылық сауаттылық мәселелері айтылып, жиналғандарға кеңес берілді.

ЕРМЕК ӘБІЛДИН, «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:

Енді кәсіпорындар - экономикамыздың негізгі бөлшегі кәсіпкерлер. Ең басты салық төлеушілер -кәсіпорындар. Сондықтан шағын және орта бизнесті, үлкен кәсіпорын болсын соларды қолдау керек. Сол үшін арнайы келіп отырмыз.