Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Мектеп формасы бойынша тиісті талапты сақтамаған оқушылардың ата-анасы айыппұл төледі

AstanaTV
26.02.2018ж. 20:00
3662
Мектеп формасы бойынша тиісті талапты сақтамаған оқушылардың ата-анасы айыппұл төледі

Ақтөбе облысында қыздары білім ошағына орамал тағып барғаны үшін 17 ата-ана айыппұл төлеуге міндеттелді. Білім басқармасы басшысының мәліметінше, әрқайсысы 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 12 мың теңгеден төлеуі тиіс. Егер бір жыл көлемінде тәртіп бұзушылық қайталанса, айыппұл көлемі екі есеге артады. Жыл басында мектепке тұмшаланып келетін қыздар саны 340 болған. Қазір 97-ге азайды. Білім саласы мамандары мен теологтар орамал таққан оқушылардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жалғастырып келеді. Алайда, орамал тағатын қыздардың мектепке бармай жүргенін айтады. Білім басқармасының басшысы мәселені жуық арада шешуге тырысамыз деп отыр.

Ләззат Оразбаева, Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы:

Ата-аналар бір нәрсені түсінулері керек, ішкі тәртіпті сақтауға - ата-аналар міндетті. Мен ойлаймын, енді 1 ай шамасында жалпы ата-аналар толық түсіністікпен қарап, мектеп формасын сақтайды деп ойлаймын.