Қарасай ауданындағы теңіз деңгейінен 3681 метр биіктікте орналасқан Үлкен Алматы шыңында 2009 жылы туған жасөспірімге құтқарушылардың көмегі қажет болды. Түсу кезінде ол өздігінен қозғалысын жалғастыра алмады.
Хабарлама түскен соң құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, жасөспірімді тауып, оны қауіпсіз бағытпен «Алмарасан» экобекетіне дейін алып түсті.
Жасөспірімге медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін ол үйіне өздігінен қайтты.
ТЖМ тауға шығар алдында өз мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалауға, бағытты алдын ала жоспарлауға және ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.