8700 шақырым жылдамдықпен Айдың батыс бөлігіндегі Эйнштейн кратерінің маңына түседі
SpaceX компаниясы ұшырған Falcon 9 зымыранының салмағы шамамен 5 тонна болатын жоғарғы сатысы 5 тамызда Айға құлайды.
Болжам бойынша, зымыран бөлшегі сағатына шамамен 8700 шақырым жылдамдықпен Айдың батыс бөлігіндегі Эйнштейн кратерінің маңына түседі.
Құлау кезінде зымыран бөлшегі толықтай буланып, жарық жарқылы мен шаң бұлтын тудырады. Ғалымдар бұл оқиғаны Айға табиғи метеориттердің құлауын зерттеу әдістерін сынау және Ай бетінің құрылымы туралы жаңа деректер жинау мүмкіндігі ретінде қарастырып отыр.
Зымыранның жоғарғы сатысы 2025 жылғы 15 қаңтарда Blue Ghost 1 және Resilience аппараттарын Айға ұшырғаннан кейін ғарышта қалған.