$475.38 €547.73 ₽5.93
×

Күн салқындайды: синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды

03.08.2026ж. 21:44
Күн салқындайды: синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды
фото: pixabay

«Қазгидромет» 4–6 тамыз аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды.  

Алдағы күндері ел аумағы арқылы солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер өтеді.

Суық ауа массаларымен толығатын циклон арқылы біраз өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік және орталық аймақтарда нөсер жауынмен бірге бұршақ жаууы мүмкін.

Синоптиктердің болжауынша, жауын-шашыннан соң ауа температурасы төмендейді. Солтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы 22–27°С шамасында болады. Ал елдің шығысында аптап ыстық біртіндеп бәсеңдеп, ауа температурасы 33–38°С-тан жайлы 27–32°С-қа дейін төмендейді.