$452.91 €509.43 ₽5.53

Өңірлерде Президент Жолдауы мен партия бағдарламасы талқылануда

Өңірлерде Президент Жолдауы мен партия бағдарламасы талқылануда

Дүниежүзі жаңа тарихи дәуірге қадам басты. Алпауыт елдер арасындағы қайшылықтар мен жаһандық сын-қатерлер күллі адамзаттың қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп отыр. Осындай алмағайып заманда Мемлекет басшысы Қазақстанның алдына стратегиялық маңызды мақсат қойды – еліміз алдағы үш жылда міндетті түрде жаппай цифрлық елге айналуы тиіс. Осы орайда, еліміздің әр өңірінде Президент Жолдауы мен жаңа реформалардың бағыт-бағдары кеңінен түсіндірілуде.

Елордада жасанды интеллект және цифрландыру туралы ақпарат жастар арасында қызу талқыланды. Жиында кибертазалық, жас буынның бұл сала арқылы қалай табыс таба алатыны жан-жақты сөз болды.

ЕРЖАН ХАМИТОВ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫ ЖҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бұл жерде есіл ауданына қарасты оқу орындарының белсенді жастары жиналып отыр. 100-ден аса жаспен осы жолдауды талқылайтын боламыз. Жалпы диалог алаңдары бүкіл облыстарда жалғасып жатыр, қазіргі кезде он мың жастың қатысуымен диалог алаңдары өтті.

Ал Сыр бойында әлеуметтік бағыттағы игі өзгерістер сөз болды. Заманауи перинаталдық орталықтар мен көпбейінді балалар ауруханасының салынуы қызмет сапасын арттырып, ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесін жаңа деңгейге көтермек. Ақпараттық насихаттық топ мүшелері сала мамандарымен жүздесіп, Жолдаудағы басымдықтарды талқылады.   

РУСЛАН РҮСТЕМОВ, АҚПАРАТТЫҚ- НАСИХАТТЫҚ ТОП МҮШЕСІ:

Жолдаудың әлеуметтік бағыты басым екені айтылды. Жалпы алдағы кезеңдерде халықтың өмір сапасын арттыру, әлеуметтік қорғау, салалық даму мәселелері кеңінен сөз болды. Жалпы соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы учаскелік дәрігерлердің жалақысын алдағы жылдарда кезең-кезеңімен 40 пайызға дейін көбейту мәселесі айтылды.

Мәдениетті қолдау, әлеуметтік кепілдіктер және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, Шығыс Қазақстанда өткен кездесулердің де басты өзегі болды.  «Әділет» партиясының өкілдері облыс орталығындағы этнографиялық музей-қорық ұжымымен жүздесіп, өңірлік сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Жиында Президент Жолдауынан туындайтын міндеттер, адами әлеуетті дамыту және ұлттық мұраны сақтау мәселелері жан-жақты айтылды.

АМАНБАЙ НҰРКЕНОВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жолдауда айтылған бастамаларды осы сайлаушыларға түсіндіріп, жан жақты біздің өңірге қатысты осы Өскемен қаласына қатысты қандай бастамалар бар, оларды жік-жігімен айтып берді.

Жаһандық өзгерістер мен жаңа сын-қатерлер дәуірінде ел болашағы үшін атқарылар ауқымды жұмыс көп. Бастысы – әрбір реформа мен бастама халықтың әл-ауқатын арттырып, еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.