Баянауыл ұлттық табиғи паркі өртке оранды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Ұлттық парк қызметкерлерінің хабарлауынша, өрт Жасыбай көлінің аумағындағы орманды алқапта тұтанған. Тілсіз жау таулы жоталы жерлерде болғандықтан, әуеден сөндіру жұмыстары жүргізілді. 2 әуе кемесі 27 тонна су төккен. Кеше басталған өрт бүгін ауыздықталды. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығыуына найзағайдың түсуі себеп болған.