$475.38 €547.73 ₽5.93
×

140 мың адамды медициналық ұйымдарға жалған тіркеп, МӘМС қаржысын жымқырған

AstanaTV
03.08.2026ж. 19:00
140 мың адамды медициналық ұйымдарға жалған тіркеп, МӘМС қаржысын жымқырған

140 мың адамды медициналық ұйымдарға жалған тіркеп, МӘМС қаржысын жымқырған. Елде жалған медициналық қызмет көрсетіп, мемлекет қазынасын тонап келген схемалардың беті ашылды. Бұл деректер бойынша 36 қылмыстық іс тергелуде. Мемлекетке келген жалпы шығын 3,5 миллиард теңгеден асады. Ең ірі алаяқтық Түркістан облысында анықталды. Жетісай аудандық ауруханасының лауазымды тұлғалары қызмет көрсетпеген 20-дан астам кәсіпкердің есепшотына заңсыз ақша аударып, қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Мемлекетке келген шығын 501 миллион теңгеден асады.