$475.38 €547.73 ₽5.93
×

12,6 млн сайлаушы тізімге енгізілді

AstanaTV
03.08.2026ж. 19:00
12,6 млн сайлаушы тізімге енгізілді

Еліміз бойынша 12 миллион 600 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Бүгіннен бастап учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысына кірісті. Республика бойынша 10 мың 400-ден астам сайлау учаскесі ашылып, сайлау науқанын ұйымдастыруға құрамында 71 мыңнан астам мүшесі бар 10 мың 600-ден астам сайлау комиссиясы жұмылдырылады.

НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

4-17 тамыз аралығында біз Орталық сайлау комиссиясының мүшелерімен және аппарат қызметкерлерімен бірге еліміздің барлық 20 өңіріне инспекциялық сапарларға шығамыз. Осы сапарлар барысында сайлау учаскелерінің дайындығы, олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, сайлаушыларды ақпараттандыру жұмысының ұйымдастырылуы, Call-орталықтардың қызметі бағаланатын болады.