Алматыда заңсыз жүрген 35 үндістандық елден шығарылды. Қалалық полиция мәліметінше, шетел азаматтары Қазақстанда болуға рұқсат етілген мерзімін асырып жіберген. Көші-қон қызметі жүргізген арнайы іс-шаралар барысында олардың жүрген жері анықталып, ұсталды. Сот шешімімен полиция қызметкерлері оларды әуежайдағы шекаралық және паспорттық бақылаудан өткенге дейін алып жүрді.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Полиция еске салады: көші-қон заңнамасының талаптарын сақтау шетел азаматтары үшін де, оларды Қазақстан Республикасының аумағында қабылдайтын тұлғалар үшін де міндетті. Бұл бағыттағы бақылау жұмыстары жалғасуда.