$467.48 €539.52 ₽5.73
×

Атырауда жекеменшік балабақшаның тәрбиешісі 1 жасар баланы ұрған

Атырауда жекеменшік балабақшаның тәрбиешісі 1 жасар баланы ұрған

Атырауда жекеменшік балабақшаның тәрбиешісі 1 жасар бөбекті ұрып, жұлқылаған. Бейнебақылау камерасындағы видеоны көрген ата-анасы тәрбиеші ғана емес, балабақша басшысы да жауапқа тартылсын деп отыр. Жағдайдан соң бақшаның өзге де ата-аналары бейнебақылау камерасын қарауға келіп жатыр.

Жазира Ғабиден 1 жас 3 айлық ұлын жекеменшік балабақшаға беремін деп опық жеп қалды. Жас ананың  танысы арқылы бөбегін  үйінің маңындағы бақшаға орналастырғанына 1 апта да болмаған. 4-5 күнде көрмеген қорлығы жоқ,- деп жылады ол.

ЖАЗИРА ҒАБИДЕН, АНАСЫ:

9 жарымнан бастап, 12 жарымға дейін менің баламды қорлаған ғой. Қолынан сүйреген, тұншықтырған баламды.  Дәретханаға апарған жарты сағат, мен білмеймін дәретханада  камера жоқ.  Ол баланың басын соқты ма мен білмеймін. Үйге келгенде бала дейтін уже басқаша... Түнде жылайды, оны мен адаптация деп түсіндім.

Баладағы  өзгешелікті нағашы әжесі байқап қалған. Бақшадан алуға барған кезде жиенінің  шыңғырып жылаған дауысын естіпті.  Бірақ ішке кіргізбеген. Келесі күні құлағынан аққан қанды көріп, дереу бейнекамераны қарауға барған. Іле-шала полицияға хабарлапты.

АЛЬФИЯ ЖОЛДАСОВА, НАҒАШЫ ӘЖЕСІ:

Қызым да байқамай тұр ғой,  құлағынан қан кетіп жатыр. Камерадан қарасақ баланың құлағын тырнақпен тырналап жатыр.  Сосын шешіндірші баланы дедім. Баланың иығында 4 тістің ізі тұр. тістеген баланы.

МЕЙРАМГҮЛ ҚҰТТЫБАЕВА, ӘЖЕСІ:

Бас директорынан бастап, бәрін де тергеуге алып, орнын орнымен біліп, орнын орнымен жауапкершілігін  алсын деймін, болды.

Сәбидің жақындарына полицейлер 27 жастағы тәрбиешінің бұрын істі болғанын айтып қалған. Балабақша басшылығы ол туралы мүлдем білмедім,- дейді. Жекеменшік мекеменің   ашылғанына 3 ай ғана болған, ал тәрбиешінің жұмысқа кіргеніне 2 ай. 

НАҒИМА АМАНҚОСОВА, БАЛАБАҚША БАСШЫСЫ:

Мен осы Ұланның анасымен бірге көрдім. Шок болдым. Мен шыдай алмадым, түнде ол кісінің үйіне бардым: «Сен неге олай жасадың, не үшін жасадың?» деп ол кісінің үйіне барып. Түк қиналып тұрған жоқ. мен айттым: «Сен алдыңа келіп тұр, кешірім сұрашы» дегенде, кешірім де сұраған жоқ ол қыз.  Ол болды судимость туралы документі, бірақ біз... Енді бізден қате кетіп тұр ғой, 2025-ті берген бізге.

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған дерек бойынша кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бабымен қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық тұлғалар полиция бөліміне жеткізілген. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Болған жағдайға қарамастан, балабақша жұмысын жалғастырып жатыр. Бірақ балаларының қауіпсіздігіне уайымдаған ата-аналар бейнебақылау камерасын қарауға келуде. Ал аймақтағы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мамандары  мұндай жеке бақша бар екенінен хабарсыз боп шықты. Бізге бұл туралы ешкім хабарламады деп алаңсыз отыр. Айта кетейік, ашылғанына 3 ай болған бақшада 23 бала тәрбиеленуде.