Алматыда екі күнде 3 мыңнан аса жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелген. Оның ішінде 190-ы адам өміріне қауіп төндіретініне жатады. Полицейлер көлікті мас күйде басқарған 14 жүргізушіні ұстаған. Ал тағы үш адам жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан рөлге отырған. Сонымен қатар қауіпті маневр жасап, шахмат тәсілімен жүрудің 158 жағдайы, қарсы бағытқа шығудың 13, қауіпсіздік белдігін тақпаудың 115 дерегі және көлік тізгінінде отырып ұялы телефон пайдаланудың 89 жағдайы анықталған. Еске салайық, жыл басынан бері Алматы жолдарында 3 035 жол-көлік оқиғасы тіркелді.