$467.48 €539.52 ₽5.73
×

Қазақстанда көпбалалы отбасыларды қолдау шаралары кеңейіп келеді

Қазақстанда көпбалалы отбасыларды қолдау шаралары кеңейіп келеді

Қазақстанда көпбалалы отбасыларды қолдау шаралары кезең-кезеңімен кеңейіп келеді. Бұл туралы «Талбесік» қоғамдық бірлестігінің басшысы мәлімдеді. Бүгінде мемлекет бала дүниеге келген сәттен бастап қаржылай қолдау көрсетіп, білім беру, тұрғын үй, жұмыспен қамту және кәсіпкерлік бағыттарында түрлі жеңілдіктер ұсынып отыр. Көпбалалы аналарға ай сайын жәрдемақы төленеді, оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылып, спорттық және шығармашылық үйірмелерге қатысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ тұрғын үй алуға жеңілдетілген бағдарламалар мен кәсіп ашуға арналған мемлекеттік қолдау тетіктері қарастырылған. Бұл шаралардың барлығы көпбалалы отбасылардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.

ЛӘЗЗАТ ҚОЖАХМЕТОВА, «TALBESYK» КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ОДАҒЫ» ҚБ БАСШЫСЫ:

Artsport деген бағдарламалар арқылы тегін үйірмелер мен секциялар бар. Яғни, бұған 90 млрд қаржы қарастырылған. Әр бала, әр ата-ана өзінің баласына қажетті спорттық және мәдени үйірмелерді өздері таңдай алады. Үйінің жанындағы ма, әлде танымал бір спорт кешенінен бе әлде бір жақсы бір жеке меншік үйірмелер арқылы білім беру, білім жетілдіру, домбыра, спорттық жарыстарға қатыса алады.