$467.48 €539.52 ₽5.73
×

«Әділет» партиясы ауылдағы табыс табу мүмкіндігін арттырмақ: республикалық сайлауалды штаб Жамбыл облысына барды

AstanaTV
06.08.2026ж. 19:00
«Әділет» партиясы ауылдағы табыс табу мүмкіндігін арттырмақ: республикалық сайлауалды штаб Жамбыл облысына барды

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай бастаған республикалық сайлауалды штаб Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Облыс орталығындағы жиынға зиялы қауым өкілдері мен жастар және еңбек ұжымдары қатысты. Партиялықтар онда нақты алда атқарылатын жұмыстарын жіпке тізіп, цифрландыру дәуіріндегі жаңа технологияларды түсіндірді. Технология – құрал. Басты мақсат адамның әл-ауқаты мен бақыты екенін көпшілікке көрсетті. Сондай-ақ, партия өкілдері Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылының тұрғындарымен, диқандармен және жергілікті кәсіпорындардың еңбек ұжымымен кездесті. Тұрғындар кандидаттарға өздерін толғандырған мәселелерді тікелей қойып, елдімекенді дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты. Мәселен, ауыл тұрғыны Гүлмира Сабырәлиева «Қарызсыз қоғам» жобасы үлгісімен барлық өңірде зейнеткерлерге көмек көрсететін орталықтар ашуды ұсынды. Ал Дүрия Раманова көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға жалға берілетін тұрғын үйді бөлудің ашықтығы мәселесін көтерді.

АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ауыл азаматтарының табысын көбейту бойынша біздің арнайы бағдарламамыз бар екенін сіздер естідіңіздер. Осы бағдарламаны Президентіміз кезінде тапсырып, арнайы ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін жасаған болатын. Сол бағдарлама қазір сапалы түрде жұмысын жасап жатыр. Оны кеңейту туралы Президентіміз тағы да тапсырма берді. Оған 1 триллион теңге ақша бөлінеді. Биылдың өзінде 100 миллиард теңге бөлінеді. Сондықтан ауыл азаматтарының нақты табысын біз арттыру үшін жұмыс істейтін боламыз.