Көпқабатты үйлерді жаңғырту, ескірген лифттер. Коммуналдық саладағы қордаланған мәселелер бүгін «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» өкілдері ұйымдастырған басқосуда талқыланды. Ақтөбеде өткен шараға пәтер иелері кооперативі және мүлік иелері бірлестігі басшылары қатысты. Сондай-ақ Павлодар облысының Аққулы ауданында өткен жиында тұрғындармен кибер алаяқтықтың алдын алу, жайылым жерлердің тапшылығы, ауызсу мәселесі және жастарды ауылда тұрақтандыру сияқты өзекті мәселелерді көтерді.
РОЗА ЖҮСІПОВА, ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ПОФ ТӨРАҒАСЫ:
Ауылдардың айналасында қарапайым адамдардың жекеменшік мал жаятын жайылым жерлері қалмаған, көп аудандарда сондай сұрақ көтеріліп жатыр және су мәселесі, жұмыс орындарының мәселелері, жол мәселелері, жастарды ауылға қалай оралтамыз, қандай жағдай жасаймыз жастар үшін сондай сұрақтар көтеріліп жатыр ауылды жерде.