«Ақ жол» демократиялық партиясының республикалық сайлауалды штабы Алматыға барды. Құрылтай депутаттығына кандидаттар логистикалық компания мен құрылыс материалдарын шағаратын зауыт ұжымымен кездесті. Жиында саяси ұйымның бағдарламасы таныстырылып, кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен бірге, қатысушылар шағын және орта бизнесті қолдау, несие жүктемесін азайту, ипотекалық несиелеу және логистика саласына қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Айта кетейік, Алматы қаласында шағын және орта бизнес субъектілерінде 900 мыңнан астам адам еңбек етеді.
ДАНИЯ ЕСПАЕВА, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Біздің осы мақсатымыз кәсіпкерлермен кездескенде, олардың көптеген бүгінгі күнде шешілмеген мәслелерін шешу. Бұл тек қана шағын және орта бизнесті қолдау емес. Ең соңында біз халық болып оның пайдасын көреміз.