«Ауыл»партиясының өкілдері Өскеменде инклюзивті білім беру және дамуында ерекшелігі бар жандарды қолдау мәселесін талқылады. Басқосуға өңірдегі түрлі қоғамдық ұйымның белсенділері жиналды. Кандидаттар мүгедекті бар жандардың жұмысқа орналасу жайына ерекше тоқталды. Өңір тұрғындарының айтуынша, Шығыс Қазақстанда бұл мәселе аса өзекті емес. Мұндай санатқа жататын азаматтардың өзі қоғам өміріне белсене араласып, еңбек етіп жүр. Тіпті олардың арасында жеке кәсіп ашып, өзгелерді де жұмыспен қамтып отырғандар бар, дейді. Саяси ұйым мүшелері ерекше баласы бар ата-аналарды қолдауға арналған түрлі әлеуметтік жобаларға қатысып, жеңілдетілген несие мен қайтарымсыз грант алудың жолдарын түсіндірді.
ҚАЙРАТ АЙТУҒАНОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Ресми түрде осы Шығыс Қазақстанда 28 мыңнан аса мүгедек адамдар бар. Міне, Шығыс Қазақстанда қандай жұмыс істеліп жатыр. Үш жылдың ішңнде көп жұмыс істелді. Өздеріңіздің естеріңізге түсірейін. Осы сәуір айында үлкен фестиваль болды. Үш жарым мың халық жиналды. Бүгін енді жалғасы. Сол қандай мәселелер шешілді. Сол кездесіп жатырмыз.