Қалқаман көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі Қабанбай батыр даңғылының учаскесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ағымдағы жылдың 7-8 тамызы аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.
Көлік қозғалысы екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз, — делінген әкімдіктің хабарламасында.